Тұрғындар өтініші қаралды
Тұрғындар өтініші қаралды
263
оқылды

«Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық фи­лиалында Ақтау қа­ласы әкімінің орын­басары Серік Ғұсманның қатысуымен қо­­­ғамдық қабылдау өтті. Пар­тия басты мақ­сат ретінде ха­лықтың өмір сүру дең­гейін жақ­сарту жолында жұмыс ат­қары­лып жатыр. Бұл орай­да тұрғындардың өті­ніші мен мұң-мұқтажын тыңдап, шешу жолдарын қарастырған жөн.

Тұрғындардың арызы не­гі­зін­де өткен бас­қосу­ға «Nur Otan» пар­тиясы АҚФ жанындағы Сы­­­­бай­лас жемқорлыққа қарсы қо­ғам­дық кеңес төра­ғасының оры­нба­сары Нұрсұлу Сейдалиева, пар­­тиялық бақылау комиссиясы­ның төрайымы Айда Балқашбай­қы­зы да қатысты. Бүгінде қа­ла­­да­ғы 28 шағын ауданның 28 және 29-тұрғын үй­лерінде ауызсу мә­се­лесі шешілмей тұр. Бұдан бө­лек 13 шағынаудандағы 35 және 36-үй­дің тұр­ғындары төселіп жат­қан жолдарға көңілі тол­майтынын айтып отыр. Көтерілген шаң-то­пы­­рақ балалардың денсаулығына зиянын тигізе ме деп қауіптенеді. Бұ­ған қоса қала тұрғындары қо­­қы­с­тың шашылып, уақытында жи­налмауына байланысты пар­тия­ға өтініш айта келіпті. Қоғамдық қабылдау барысын­да қала әкі­мі­нің орынбасары Се­рік Гұсман бұл мәселені «Nur Otan» пар­тиясы АҚФ жанындағы Пар­тия­лық бақылау комиссиясы өз құ­зыретіне алып, жауап­ты мер­ді­гер мекемелермен бірлесіп қайта мо­­ниторинг жүргізуді ұсынды. Яғни, ауызсу мә­селесіне байла­ныс­ты партия филиалы жауап­ты­ларға міндет жүктеп, ескерту жа­самақ. Ал сапасыз жолдар мен қаладағы қоқысқа қа­тысты алдағы уақытта арнайы тексеріс жүр­гізіл­мек. Қоғамдық қабылдаудың жиі өткізіліп тұруы ха­лық үшін өте маңызды. Себебі тұрғындар өз­дерін мазалаған сұрақтарына заң тұрғысынан нақ­ты жауап алуға мүмкіндік туады. Алдағы уа­қытта да азаматтардың мәселелері бойынша кез­десулер өтпек. Одан бөлек қазір Маңғыстаудағы қуаңшы­лық мәселесі де өзекті күйде болып отыр. Бұл тұста елге көмек етемін деген ниеттегі азаматтар әре­кет етіп жатыр. Жуырда «Nur Otan» партия­сы­ның қолдауымен өңірдің белсенді тұрғыны Бер­дімұрат Төрекенов Батыс Қазақстан об­лысынан Сайөтес ауылы мен Сайөтес әкімдігіне қа­расты Боздақ ауылына 10 вагон шөп ал­дырт­ты. Дегенмен жалпы салмағы 104 тонна шөпті тасымалдау кезінде аза­мат біршама қиын­дық­тарға тап болғанын ай­тады. Әсіресе, темір­жол­мен тасымалдау жағы қол­дауға зәру екен. Сол себепті еріктілер 10 ва­гон шөптің жартысын Сайөтес ауылына жет­кізген. Ал Боздақ ауы­лын­дағы 14 отбасыға мал азығы үлестірілген. Сон­дай-ақ еріктілер өңір тұр­ғындарына арзан ба­ға­мен шөп жеткізу үшін де қамданып жатқан көрінеді. Әрқайсысы 280-300 келі болатын шө­бін тұрғындарға тиімді ба­ғада үлестірмек.

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ