2025 жылға дейін мектептердің мәселесі шешіледі –  Мейіржан Отыншиев
2025 жылға дейін мектептердің мәселесі шешіледі –  Мейіржан Отыншиев
553
оқылды

Ең алдымен, адам әлеуетін арттыруға арналған Жолдауда 7 бағытқа баса назар аударылып, 5 маңызды бастама көтерілді.

Дәлірек айтқанда, мемлекет тарапынан азық-түлік бағасын бақылау, минималды жалақы мөлшерін 60 мың теңгеге ұлғайту, зейнетақы қорындағы қаражатты «Отбасы банк» арқылы аударым жасап, баспаналы болуға мүмкіндік беру – барлығы әрбір тұрғынның өмір сүру деңгейін көтеруге арналған. Ел Президенті қойған міндеттер Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі Сайлауалды бағдарламасының бағыттарымен үйлесіп, жекелеген тұстарын толықтырып отыр. Біз бұл мақсат-міндеттерге Елбасы саясатының сабақтастығын қамтамасыз ете отырып қол жеткізе аламыз. Нақты істер партиясының жоспарлары – халықтың қажеттіліктерінен шығып, көмек көрсетумен қатарлас. Осы ретте халықпен билік арасындағы көпір саналатын партияның  қоғамдық қабылдау бөлмесінде сұрақтарды шешудің негізгі тетігі орналасқан. Ал Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізіндегі бұл Жолдауда барлық көтерілген мәселелердің шешу жолдары нақты анықталған. Осы орайда, Жолдаудағы жаңа міндеттерді жүзеге асыруға Алматы қаласының қосар үлесі де ерекше болмақ. Мемлекет басшысы айтқандай, республика бойынша мектептердегі орын тапшылығы 225 мың орынды құрайды. Бұл ретте партияның жаңа мектептер ашу және жұмыс істеп тұрған мектептерге жапсарлас құрылыстар салу есебінен оқушы орындарының тапшылығын төмендетудің  айқын жоспары – Nur Otan-ның Жол картасы бар. Ол деген 2025  жылға дейін Алматы қаласы бойынша жалақы 30 000-нан астам 15 мектеп пен 25 мектепке жапсарлас құрылыс салуды білдіреді. Біз бұл және басқа да көрсеткіштерге партиялық бақылауды Кеңестер мен фракция депутаттарының жұмысын күшейту арқылы қол жеткізуге барымызды саламыз. Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалы, өз кезегінде, әр алматылықтың лайықты өмір сүруі үшін жағдай жасап, Ел Президентінің Жолдауында қойылған міндеттердің үдесінен шығу үшін белсенді әрекетпен жұмыла кірісетін болады. Партияластар осындай сын сағатта үнемі алдыңғы лектен көрінеді деп сеніммен айта аламын.

Мейіржан ОТЫНШИЕВ, Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары