Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 09.10-да 102 шұғыл байланыс желісіне Иманбаев көшесіндегі №54 орта мектепте өрт болғаны туралы хабар түскен.
Полиция мектептегі оқушылар мен мұғалімдерді қауіпсіз жерге эвакуациялап, жақын маңдағы көшелерді қоршауға алды. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.
Өрт 8 шаршы метрді шарпыған. Өрт толығымен сөндірілді.
Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.