Астанада мектеп өртенді
Астанада мектеп өртенді
Фото: all-bor.ru

Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 09.10-да 102 шұғыл байланыс желісіне Иманбаев көшесіндегі №54 орта мектепте өрт болғаны туралы хабар түскен.

Полиция мектептегі оқушылар мен мұғалімдерді қауіпсіз жерге эвакуациялап, жақын маңдағы көшелерді қоршауға алды. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт 8 шаршы метрді шарпыған. Өрт толығымен сөндірілді. Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.