Павлодарда Ashyq-тағы статусы екі түрлі қыз бен жігітті рестобарға кізгізбей қойды
Павлодарда Ashyq-тағы статусы екі түрлі қыз бен жігітті рестобарға кізгізбей қойды
Фото: exk.kz / Александр Пролыгин
167
оқылды
Павлодарда рестобарға келген қос ғашық күтпеген жайтқа тап болды. Бойжеткеннің Ashyq жобасындағы мәртебесі "жасыл" болғанымен, ер адамға "көк" түс жанған,- деп жазады "Экспресс К". 
"Біз оларға демалыс күні Ashyq қосымшасына байланысты ғимаратқа кіре алмайтынын айттық. Осы қосымша бойынша бізге әрбір үшінші келушінің мәртебесі "көкті" көрсетеді. Біз оларды ғимаратқа кіргізе алмаймыз", - дейді рестобар.
Тамыз айының соңында еліміздің бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Құжатта демалыс күндері Ashyq жобасына қатысатына бизнес нысандарының қызметіне сағат 00.00-ге дейін, ал жұмысында кемшілік жоқ нысандарға сағат түнгі 02:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді. Алайда келушілер мен қызметкерлердің мәртебесі "жасыл" болуы тиіс.