Бекшин коронавирусқа қатысты қыркүйек пен қазан айларына болжам жасады
Бекшин коронавирусқа қатысты қыркүйек пен қазан айларына болжам жасады
© tengrinews.kz
255
оқылды
Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қыркүйек-қазанға арналған коронавирус бойынша жаңа болжамын жариялады. 
«Болжам екі апта бұрын жасалды. Қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдай соған сай келеді. Қыркүйек айының басында бір тәулікте 1 300 адам індет жұқтырды. Қазір 1 058, кеше 1 287 науқастан анықталды. Біз қыркүйекте 500-600 жағдайға дейін төмендейді деп күтеміз. Қазанда жаңа мутацияланған штамм болмаса, 100-200 жағдайға дейін төмендеуі керек», – деді Жандарбек Бекшин.
Бұған дейін Жандарбек Бекшин қалада вирус жұқтырғандар саны азайғанын айтқан болатын.