Талибандар наразылыққа шыққан әйелдерге көзден жас ағызатын газ қолданған
Талибандар наразылыққа шыққан әйелдерге көзден жас ағызатын газ қолданған
Сурет: tolonews.com
254
оқылды

"Талибан" қозғалысы (Жоғарғы сот үкімі бойынша, Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) наразылыққа шыққандарға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданды. Олардың көпшілігі құқығын қорғауды талап еткен әйелдер. Бұл туралы TOLOnews хабарлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

Белсенділердің бірінің айтуынша, президент сарайына жақындаған кезде талибандар шеруге шыққандарға "шабуыл жасаған". Олардың айтуынша, бірнеше әйел соққыға жығылған.
"Осыдан 25 жыл бұрын Кабулға келген талибандар маған мектепке баруға рұқсат бермеді. Мен талибандар құлағаннан кейін оқыдым, болашақ үшін күш салдым. Бұл жетістіктің жоғалуына жол бермеймін", – деді Азита тілшісі.
"Талибан" қозғалысы "бақылаудан шыққан шерушілерге" қарсы көз жасаурататын газ қолданудан басқа амалы жоқ екенін айтты. "Талибан" қозғалысы әйелдердің болашақ үкіметте жоғары лауазымға ие болмайтынын жариялағаннан кейін Кабул мен Гератта наразылық акциялары өтті.