Оралда екі автокөлік соқтығысып, жүргізуші қаза тапты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 5 қыркүйек күні шамамен сағат 11.30-да Жәңгір хан көшесі бойында болған.
«Ауди» автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, қарсы бетке шығып кеткен. Соның салдарынан «Ниссан» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысты. Жол апатынан «Ниссан» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. «Ауди» автокөлігінің жүргізушісі жансақтау бөліміне жеткізілді.
Жол апатынан «Ниссан» автокөлігінің жолаушысы да зардап шекті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, ер адамның бірі жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болса, қалған екеуі түрлі жарақат алды.