Шымкентте бір қора қой өртеніп кетті
Шымкентте бір қора қой өртеніп кетті
Фото: kt.kz
240
оқылды
Шымкентте қорадағы 16 қой өртеніп кетті. Шымкент қаласы ТЖ департаментінің "101" басқару пультіне 2021 жылғы 4 қыркүйек күні сағат 12:31-де Еңбекші ауданы Желтоқсан көшесінде орналасқан тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті, – деп хабарлады Otyrar.kz.  width= Оқиға орнына алғашқы келіп жеткен өрт сөндіру бөлімдері аталған мекенжайдағы тұрғын үйге жапсыра салынған жалпы көлемі 100 шаршы метр қора толық жанып жатқандығын анықтады. Сонымен бірге қораның ішінде 400 дана сығымдалған шөп, 16 бас қой өртенген. Өрт сағат 13:15-те оқшауланып, 14.26-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 30 қызметкері, 6 техникасы жұмылдырылған.