Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?
Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?
Фото: ainews.kz
169
оқылды

Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды, солтүстікте нөсер жаңбыр жауады. Тек оңтүстік өңірлерде ғана күн ашық.

8-9 қыркүйекте түнде Қостанай облысында, 9 қыркүйекте Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысында -2 градус үсік жүреді. Республиканың батысында, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы +5...+10°C, күндіз  +14...+22°C, солтүстікте және орталықта түнде +2...+7°C, күндіз +13...+23°C, шығыста түнде +7...+12°C, күндіз +20...+25°C болады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде сынап бағанасы +10...+15°C, күндіз +22...+27°C көрсетеді. Астанада 7 сәуірде күн ашық болады, түнде +15, күндіз +26 градус жылы. Алматыда 7 сәуірде күн ашық, түнде +22 градус, күндіз +34 градус ыстық. Шымкентте 7 сәуірде күн ашық, түнде +24 градус, күндіз +36 градус ыстық болады.