Қостанай облысындағы демалыс орнында аю кішкентай қызды тістеп алды
Қостанай облысындағы демалыс орнында аю кішкентай қызды тістеп алды
©stan.kz
380
оқылды

5 қыркүйекте Қостанайдағы демалыс базасына ата-ана бес жасар қызын ертіп барған. Сол жерде тордағы аюды көрген бала анасымен бірге оны тамақтандырмақ болған. Бастапқыда аю ешкімге тиіспей, берген тағамды жеген.

Кейінірек кішкентай қыз  торға өзі жақындап барған. Сол кезде аю баланы бас салып, бірнеше рет тістеп алған. Кішкентайдың айқайлаған дауысын естіген ата-анасы жүгіріп келіп, оны аюдың аузынан құтқарып қалады.

Аю қыздың аяғынан тістеп алған. Дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Бұл фактіні полиция растады және Қостанай ауданының полиция бөлімі қылмыстық кодекстің 114-бабы "денсаулыққа абайсызда зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады.
Баптың санкциясы 80 АЕК-ке дейін айыппұл салуды не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын, не 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуды көздейді. Полицияның мәліметінше, алғашқы тергеу амалдары жүргізілген.