Мәдина Сәдуақасова туған күні қарсаңында өзіне сый жасады. 8-қыркүйек күні 42 жасқа толатын әнші Түркияның Алания қаласынан үй сатып алды. Ол бұл жайында Instagram-да жазды.
“Әнуарды мектепке жібердік. Туған күн, міне, келіп қалды. Әрі бері ақшамызды шаша бермей, әр нәрсеге, бір үй алып қояйық дедік! Демалысқа келгенде қонақүйге емес, өзіңнің дап-дайын үйіңе барған жақсы емес пе?! Ал, көріп бағасын беріңіздер?! Әр отбасына осындай үй алу бұйырсын!” – деп жазба қалдырған Сәдуақасова үйінің видеосын жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әнші Аланияда әр тұрғын үйдің алдында қауыз (бассейн) бар екенін айтып қуанды.
“Жылдың кез-келген мезгілінде шомылуға болады. Маған ұнайды”, – деді ол.