Төрт боксшымыз чемпион
Төрт боксшымыз чемпион
345
оқылды

Ресейдің Қазан қаласында өтіп жатқан ТМД елдері ара­сындағы спорт ойындарында боксшылар бәсекесі мәресіне жетті.

Финалға шыққан қазақстан­дық 6 былғары қолғап шеберінің 4-і чемпион атанды. Ел құрамасы­нан Анита Адишева (48 келі) өзбек­стандық Робияхон Бахтиёрованы, Виктория Байдукова (54 келі) ресейлік Эвита Аверьяновадан басым түсті. Ал 60 келідегі Ұлжан Сәрсенбек те өзбек­стандық Мухлиса Тохированы қапы қалдырып кетті. Сондай-ақ ел құрамасынан ұлдар арасында финалға жолдама алған жалғыз боксшы Мырзахан Мәуленов (66 келі) беларусьтік Владислав Кузнецовтан мықты екенін көрсетті. Қазақстандық Бақыт Сейдіш (70 келі) пен Томирис Мырзақұл (52 келі) финалда қарсыластарына жол берді. Алғашқысы өзбек­стандық Ойша Тоироваға, екіншісі ресейлік Анастасия Коольге есе жіберді. Қола жүлдеге қол жет­кізгендер қатарында Жандарбек Ізбасаров (44-46 келі), Ислам Машкентаев (48 келі), Сұңғат Расулов (50 келі), Нұрислам Қалдыбаев (52 келі), Мадияр Отар (54 келі), Ерасыл Мұстафинов (57 келі), Ерсұлтан Төлеген (60 келі), Әділ Қасымов (63 келі), Әлинұр Өмірбеков (70 келі), Батырхан Сейтенов (75 келі), Нұрасыл Бауыр­жан (80 келі), Дельфина Әбіл­хан (44-46 келі), Карина Тоқубай (50 келі), Аружан Жаңа­баева (66 келі), Назерке Рысбай (80 келі) бар. Жалпы командалық есепте үшінші орынға ие болдық. Ал Ресей 15 медальмен бірінші орынға шықса, Өзбекстан 7 алтын еншіледі.

А. ЖАНАСЫЛ