Президент Цифрлық үкімет офисіне барды
Президент Цифрлық үкімет офисіне барды
290
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық аналитикалық және цифрлық трансформация орталықтарын, ұлттық жобалау офисін қамтитын Цифрлық үкімет офисінің жұмысын бастауға рұқсат берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Цифрлық даму, инновациялар және аэро­ғарыш өнер­кәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақ­стан Пре­зидентіне Цифрлық үкімет офисінің негізгі мін­деттері мен жобалары туралы баяндады. Министрдің айтуынша, офис жұмысының ая­сында бастапқы тал­дауды автоматтандыру, бол­жамдар мен даму сце­нарийлерін әзірлеу, қол жет­кізілетін мақсатты көр­сеткіштерге төнетін қауіп­терге мониторинг жа­сау және анықтау қыз­меттері, сондай-ақ басқа да жұ­мыстар жүзеге асыры­лады. Цифрлық транс­фор­мация орталығы мем­лекеттік органдардың жұмыс үдері­сін өзгер­тіп, оларды цифрлық форматқа ауыс­тыру­мен ай­налысады. Сауда және интеграция министрлігі Мемлекет басшысына ішкі және сыртқы сауда жөніндегі тал­дау платформасын таныстырды. Аталған плат­фор­ма азық-түлік бағасын онлайн режимде бақылауға жә­не болжауға мүмкіндік береді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш ми­нистрлігі ел халқының екпе алу қарқынын ба­қы­лауға арналған жобаны таныстырды. Жиын барысында Стратегиялық жоспарлау жә­не реформалар агенттігінің төрағасы, Астана ха­лықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов, Қаржы министрі Ерұлан Жамау­баев, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой және басқа да жауапты тұлғалар сөз сөйледі.