Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Бұл жайында Ақорда сайты хабарлады.
«Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымынан босатылсын", – делінген Президенттің жарлығында.
Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастаған.
1993-1995 ж.ж. – Мәскеу қаласындағы "Гили-Паскер" ЖШС-ында мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, бөлім бастығы, бас директор.
1995-1996 ж.ж. – Алматы қаласындағы "Отрар Лтд" шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары.
1996-2006 ж.ж – "Қазақтүрікмұнай" ЖШС-ында маркетинг жөніндегі инженер, мұнай және мұнай өнімдерін сату, маркетинг бөлімінің бастығы, бас директор.
2006 жылдың ақпан айынан бастап "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның атқарушы директоры.
2006 жылдың тамыз айынан ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып істеген.
2007 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың сәуір айына дейін – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтарына дейін – Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2012 жылғы 20 қаңтарда Мемлекет Басшысының Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.
2016 жылғы 26 наурыздан – Атырау облысының әкімі.
2019 жылғы 19 желтоқсаннан – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалды.