Алматыдағы әкімдік ғимаратынан күштеп шығарылған "Хабар 24" журналисінің оқиғасынан кейін Күзет агенттігі лицензиясынан айырылды. Бұл ақпаратты Алатау ауданы әкімдігін күзетумен айналысатын кәсіпорын растады.
"Бастығын полицияға шақырып, қызмет ету лицензиясынан айырды", – деп түсіндірді Полиция департаментіндегілер.
"Хабар 24" журналисі Алматыда әкімдік ғимаратынан күштеп шығарылған болатын. Оқиғаның видеосын тілші Facebook-парақшасында жариялады. Бұл жағдай бүкіл БАҚ өкілдері мен ел назарын аудартты. Кейінірек Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігі жағдайға түсінік берді.
Сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева оқиғаға қатысты Facebook-парақшасында жазба жариялады. Ол Алатау облысы әкімдігіндегі күзет қызметкерінің әрекеті заңсыз екенін жазды.