Түркістаннан Талдықорғанға ұшақ қатынайды
Түркістаннан Талдықорғанға ұшақ қатынайды
©www.inform.kz
258
оқылды

Түркістан халықаралық әуежайы «Түркістан-Талдықорған» әуе бағытымен толықты. Бұл жайында Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Әуежайдан 15 бағытта рейстер қатынай бастады. Ал «Түркістан-Талдықорған» әуе бағытының билет құны – 8000 теңгеден басталады. Бүгінде әуежайдан халықаралық және ішкі бағыттар бойынша әуе рейстері орындалуда. Олар:
1) «Түркістан-Ыстанбұл» – аптасына 4 рет (сейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі);
2) «Түркістан-Бішкек» – аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);
3) «Түркістан-Ташкент» – аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);
4) «Түркістан-Нұр-Сұлтан» – күнделікті;
5) «Түркістан -Алматы» – аптасына 5 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі);
6) «Түркістан-Қостанай» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);
7) «Түркістан-Семей» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);
8) «Түркістан-Атырау» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);
9) «Түркістан-Қарағанды» – аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);
10) «Түркістан-Көкшетау» – аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);
11) «Түркістан-Ақтөбе» – аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);
12) «Түркістан-Ақтау» – аптасына 3 рет (сәрсенбі, сенбі, жексенбі);
13) «Түркістан-Павлодар» – аптасына 3 рет (сәрсенбі, сенбі, жексенбі);
14) «Түркістан-Орал» – аптасына 2 рет (сейсенбі, сенбі);
15) «Түркістан-Талдықорған» – аптасына 2 рет (бейсенбі, жексенбі).
Ұшу уақыттары мен билет құны туралы ақпаратты Түркістан халықаралық әуежайынан, әуекомпаниялардың ресми сайттарынан және басқа да қосымшалардан білуге болады.