Маңғыстауда карантин талаптары күшейтілді
Маңғыстауда карантин талаптары күшейтілді
©liter.kz
243
оқылды

Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Маңғыстау облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы» 2021 жылғы 27 тамыздағы №19 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Облыстың бас санитарының қаулысына сәйкес, өңірде халыққа қызмет көрсету орталықтары 5 күндік жұмыс кестесіне ауысты. ПТР сынамасы теріс немесе бейтарап мәртебесі бар тұрғындар мемлекеттік қызметтерді кезексіз алады.

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін адам қабылдайды. Ал сенбі, жексенбі күндері орталықтар жабық болады.