Қазақстан жастар құрамасы Еуропа біріншілігінің іріктеуінде Даниядан жеңілді
Қазақстан жастар құрамасы Еуропа біріншілігінің іріктеуінде Даниядан жеңілді
264
оқылды
21 жасқа дейінгі жастар арасында футболдан 2023 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында Қазақстан екінші ойынында Данияны қабылдады. Ойын бүгін, 7 қыркүйек, Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана-Арена" стадионында өтіп, 0:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Голдың авторы Вильям Вик. Ол 78-минутта көзге түсті. Дәл сол голдың алдында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сағи Совет екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылған еді. Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінің бірінші турында Бельгия құрамасымен кездесіп, 1:3 есебімен жеңілді.