89 млн теңге айыппұл салынды
89 млн теңге айыппұл салынды
209
оқылды

Алматы  облысында мониторинг тобы карантин  кезінде той өткізудің 233 фактісін анықтаған.

Халықтың санитарлық-эпи­демияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шаралардың сақталуын бақылау мақсатында облыс бойынша жергілікті ат­қарушы органдардың жанынан 268 мониторинг тобы құрылды. Жыл басынан бері мониторинг топтар 28 463 рейд жүргізіп, 152 288 нысанда 1 369 карантин режимін бұзу фактісін анықтаған. Нәтижесінде, 735 нысанға 89 мил­лион теңгеге айыппұл салынды. Оның 233-і жаппай отбасылық және ұжымдық іс-шаралар, яғни той, ұзату, құдалық және ту­ған күн­дер өткізу бойынша қоғам­дық тамақтану нысандарында өткізіл­ген. Карантин мен бетперде режи­мін сақтамағаны үшін жеке тұл­ғаларға 592 хаттама толтырылды. Алматы облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау де­партаментінің баспасөз қызметі былтыр қараша айының басынан бастап бүгінге дейін 28 шағын кәсіпкерлік нысанында құқық­бұзушылық фактісі анықталғанын мәлім етті. 18 нысан бойынша ау­­мақтық прокуратура органдарына хат жолданып, 16 нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізіл­ген. Айта кетейік, өңірде үйлестіру орталық­тары жұмыс істейді. Жыл басынан бері орталыққа 156 шұ­ғыл хабарла­ма келіп түскен. Тексеріс барысын­да карантин талабын бұзу дерегінің 90 жағдайы қо­­ғамдық тамақтану нысанында болғаны анықталды.

Жадыра МҮСІЛІМ