Алматылық Лаура Мұхтар Түркияда өтетін сұлулар сайысында Қазақстан намысын қорғайды.
Miss Aura International 2021 сұлулық сайысы 20 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Анталия қаласында өтеді. Сайысқа әлемнің әр түкпірінен 70-тен астам ару жиналады. Мiss Aura International «Дарындылар сайысы», «Шомылу киімдерінің дефилесі», «Кешкі және ұлттық киімдер» секілді үш кезеңнен тұрады. Сондай-ақ қатысушылар әлеуметтік және қайырымдылық акцияларына қатысады. Қазір Лаура Мұхтар байқауға белсенді түрде дайындалып жатыр. Айта кету керек, ол аймақтық және халықаралық конкурстарда бірнеше рет бақ сынаған. Бұған дейін ол «Алматы аруы-2018» финалына дейін жетіп, онда «Спорт-дива» және People Choice секілді екі номинацияны жеңіп алған. 2019 жылы Лондонда өткен Miss USSR UK байқауында «ІІ вице-мисс» атанды. Киевтегі Miss Queen Europe 2019 байқауында да басты титулды жеңіп алды.А.ЖАСАНҰЛЫ