Қызылорда облысының бас экологиялық инспекторы ұсталды
Қызылорда облысының бас экологиялық инспекторы ұсталды
Фото: yandex.kz
363
оқылды

Бұған дейін әлеуметтік желіде Қызылорда облысы Экология департаменті басшысының орынбасары, бас экологиялық инспектор Бекзат Тілегеновтің ұсталғаны хабарланған еді. 7 қыркүйекте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл ақпаратты растады.

«Оған ЖШС директорынан кәсіпкерлер пайдасына шара қабылдауы және олардың мұнай қалдықтарын өңдеу саласындағы қызметіне қолдау көрсеткені үшін алдында келісілген 100 миллион теңгенің 50 миллион теңгесі көлемінде пара алды деп күдік келтіріледі. Шенеунік ұсталып, Шымкент қалалық ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды» делінген хабарламада.

Департаменттегілер оның алдында бас экологиялық инспектор болған, Қызылорда облысы бойынша Экология департаментінің бастығы Әбдіқалықовқа қатысты үкім шыққанын да айтты.

Ол ақпанда 30 миллион теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталды. Бұл үшін сот оны 11 жылға бас бостандығынан айырды.