Талас аудандық әкімдігі қайғылы оқиғаның 2 қыркүйекте Қаратауда болғанын растады.
«Талас облысы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Берік Кемелұлы өз көлігінің жанында атылғаны, оған тиген оқ марқұмның атына тіркелген қарудан екендігі анықталды. Тергеу жүргізілуде», – деді Талас аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.