Нұр-Сұлтанда балалар үйінің қызметкерлері 25,9 миллион теңге жымқырған
Нұр-Сұлтанда балалар үйінің қызметкерлері 25,9 миллион теңге жымқырған
©adyrna.kz
249
оқылды

Қаржылық мониторинг агенттігі Нұр-Сұлтандағы балалар үйінен 25,9 миллион теңге ұрланғанын әшкереледі.

Ведомство мәліметінше, Qamqor жедел алдын алу іс-шарасы аясында елордадағы балалар үйлерінің бірінен жетім балаларға тамақ сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеу басталған.

"Тергеу нәтижесі бойынша, мекеменің директоры мен бас бухгалтері сатып алу ережелерінде көзделген рәсімдерді сақтамай, бақыланатын кәсіпорынмен азық-түлік өнімдерін жеткізуге келісімшарт жасасқанын анықтады. Оған қоса, компанияның бастығы бас бухгалтердің бұрынғы жұбайы екені анықталды", - делінген хабарламада.

2019-2020 жылдарға жасалған келісімшартқа сәйкес, шенеуніктер осы компания арқылы жетім балаларға тамақ сатып алуға бөлінген 130 миллион теңге бюджет қаражатынан 25,9 миллион теңгені жымқырған.
Тергеу жалғасып жатыр.