Биыл 15 қыркүйекте тұмауға қарсы екпе егу басталады. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты.
Министрдің орынбасары 2021 жылы бюджет қаржысы есебінен 2,5 млн. доза «Гриппол Плюс» вакцинасы сатып алынғанын жеткізді.
«Екпе Ресейде өндірілген. Вакцинада алдағы тұмаудың штамы бар. 15 қыркүйекте тұмауға қарсы екпе салу басталады. Бас санитар дәрігердің қаулысы қабылданған», - деді бірінші вице-министр ОКҚ-де баспасөз мәслихатында.
Марат Шоранов бюджет есебінен вакцина халықтың осал тобына салынатынын атап өтті.
«Бұл балалар, медицина қызметкерлері, диспансерлік есепте тұрған адамдар, жетімдер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және тағы басқа. Сондай-ақ жұмыс берушілер мен тұрғындардың жеке қаржысы есебінен де тұмауға қарсы вакцина алу жүргізіледі. Ақылы түрде екпе салу жеке медициналық орталықтарда және емханаларда жүргізіледі», - деді министрдің орынбасары.