Атырауда көліктің терезесін сындырып, 6 млн теңгені ұрлап кеткен, – деп жазады ҚазАқпарат.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ұрлық Атырау қаласындағы «Авангард» шағын ауданында сағат 12:43 шамасында болған.
«Бүгін 50 жастағы азамат көлігін «Көктем» базарының аумағына қалдырып, шаруасымен кеткен. Сол кезде белгісіз біреулер көліктің әйнегін сындырып, қол сөмкесіне салынған 6 млн теңгені ұрлап кеткен», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.