Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?-08.09.2021
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?-08.09.2021
Фото: news.myseldon.com
217
оқылды
Синоптиктер 9-11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. Солтүстікте, солтүстік-шығыста жаңбыр жауып, шығыс өңірлерде нөсер болады деп күтіледі. Тек оңтүстік пен батыста жауын-шашынсыз ауа райы болжалануда. 10 қыркүйектен бастап Солтүстік циклонның Қазақстан аумағына ығысуына байланысты еліміздің басым бөлігінде, таулы аудандарда және оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлердің солтүстігінде, найзағай мен бұршақ жауу ықтималдығы бар.
"Батыста, солтүстік-батыста ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: түнде 3-11-ден 5-15 градусқа дейін, күндіз 15-23-тен 20-28 градусқа дейін. Солтүстік пен орталыққа келсек, түнде ауа температурасы 2-13 градус болады. Ал, 9 қыркүйекте топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Күндіз 15-23-тен 10-20 градусқа дейін, шығыста түнде 2-16, күндіз 15-25 градус, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде 10-18-ден 4-14 градусқа дейін, күндіз 19-30-дан 15-25 градусқа дейін жылы болады деп болжанған", – делінген хабарламада.