БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, Бәйтерек ауданының полицейлері ата-анасымен ұрысып, үйінен кетіп қалған 2005 жылғы қызды тапты.
Қыз Оралға Теміртаудан автокөлікпен жеткен. Полицейлер Теміртаудағы әріптестерімен хабарласып, қыздың бір аптадай уақыт бұрын үйінен кетіп қалып, іздестіріліп жатқанын білді.
Ата-анасына да қызының аман-сау, Оралдағы қиын жағдайға тап болған балаларға арналған бейімдеу орталығында екенін жеткізді.
Енді жас қызды полицейлер Оралдан Теміртауға жеткізеді.