Тек батыс өңірде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Өзге аймақтарда дауыл соғады. Солтүстік, солтүстік-батыс пен орталықта тұман, шығыстағы таулы аудандарда бұршақ жаууы ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысында найзағай жарқылдап, бұршақ түсуі ықтимал. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі, түнде шығысында, күндіз солтүстік-батысында жел 15-20 м/с-ке күшейеді.
Күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, түнде және таңертең шығысында тұман түседі, күндіз облыстың солтүстік-батысында жел тұрады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с-ке күшейеді.
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Күндіз Жамбыл облысының шығысында, оңтүстік-шығысында және тау бөктері аудандарында найзағай ойнап, бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с-ке күшейеді.
Күндіз Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай жарқылдайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Түркістан облысының батысында және таулы аудандарында, Қызылорда облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының орталығында, түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Түнде Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстік, солтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Қарағанды, Ақмола облыстарының батысында, Павлодар облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында өрт қаупі сақталады.