Құны 20 миллион теңге тұратын автокөлік иесі 1 млн 325 мың теңге салығын төлемеген. Ол прокуратура мен полиция қызметкерлерінің көмегімен ұсталған.
Қызылорда облыстық Жеке сот орындаушылар палатасының мәліметі бойынша облыста салық берешектері мен айыппұл төлеуден жалтарып жүргендерді анықтау бойынша рейдтік іс-шара қыркүйек айынан бастап ұйымдастырылған. Бүгінгі күнге дейін мемлекет пайдасына 11 млн 455 мың теңгедан астам ақша қаражаты өндіріліп, 31 көлік автотұраққа қойылды.
Өкінішке қарай, қалталы азаматтар мүмкіндігі бола тұра, мүліктеріне тыйым салғанға дейін мемлекет алдындағы борыштарын өз еріктерімен төлегісі жоқ.
Айта кетейік, рейд ай соңына дейін жалғасады.