АҚШ-та зейнеткер шатасып, 71 мың долларды белгісіз адамға аударып жіберген
АҚШ-та зейнеткер шатасып, 71 мың долларды белгісіз адамға аударып жіберген
©stan.kz
222
оқылды

Daily Mail-дың жазуынша, Квинсленд штатының 88 жастағы тұрғыны Гордон Лейтон  14 маусымда 71 400 долларды үйін көшіруге көмектескен компания шотына жіберудің орнына шатасып, басқаға жіберіп қойған.

Сөйтсе, ол ANZ есептік жазбасын дұрыс емес атпен сақтап қойған. Осылайша, ақшаны басқа адамның шотына  қателесіп жіберген. Гордон Лейтон мен қызы екеуі үш сағат ішінде қателіктерін түсінсе де, бәрі кеш еді. Қаражат банкке дәл сол күні түскен. Алайда банк ештеңе істей алмайтынын айтқан.
Ақшаны алған белгісіз адамға хабарласқанымен, ол қайтармайтынын жеткізген.
ANZ компаниясы ақшаны қайтаруға тырысқан. Бірақ сол күні қаражат шоттан шешіп алынған екен. Гордон Лейтон банктің бұл мәселені шешуге қауқарсыз екенін естіп, көңілі түсті. Оның айтуынша, оған ақша қажет емес, тек тиісті жеріне, банкке жетсе болғаны.
Ал ANZ компаниясы өкілдері бұл мәселені полициямен бірге қарайтынын мәлімдеген. "Біз қаражатты қадағалап, оны қайтаруға тырысамыз. Қазір бұл полиция ісі болғандықтан,  бұдан әрі түсініктеме бермейміз", – дейді компания өкілдері.