Сенім грамоталарын қабылдады
Сенім грамоталарын қабылдады
311
оқылды

Ақорда резиденциясында он мемлекеттің жаңадан та­ғайын­далған Төтенше және өкі­­летті елшілерінің Қазақстан Пре­­зидентіне сенім грамо­та­ла­рын тапсыру рәсімі өтті. Бұл ту­ралы Ақорданың баспасөз қыз­меті хабарлады.

Сенім грамоталарын Мемлекет бас­шысына Эстония Респуб­ли­ка­сының елшісі Тоомас Тирс, Әзер­байжан елшісі Агалар Ата­мог­ла­нов, Испания Корольдігінің ел­ші­сі Хорхе Урбиола Лопес де Мон­те­негро, Ұлыбритания Корольдігі мен Солтүстік Ирландия елшісі Кэт­рин Джейн Лич, Румыния елшісі Мэдэлина Лупу, Италия Рес­публикасының елшісі Марко Альберти, Германия Федеративтік Республикасының елшісі Моника Иверсон, Бельгия Корольдігінің елшісі Анри Вантигем, Еуропалық Одақ Өкілдігінің басшысы, елші Кестутис Янкаускас, Қырғыз Рес­пуб­ликасының елшісі Дастан Дю­шекеев табыстады. Қасым-Жомарт Тоқаев елші­лер­ді Қазақстандағы дипломатия­лық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтады. Қазақстан Президенті елшілер алдында сөйлеген сөзінде еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетіс­тік­теріне тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Ауған­стан­дағы ахуалға байланысты қа­был­данған шешімдер мен атқары­лып жатқан жұмыстар туралы ай­тып берді. – Ауғанстандағы шиеленіскен мәселелерді реттеу үшін Қазақ­стан шет­елдік серіктес­терімен тізе қо­сып жұмыс істеп келеді. Біз ең ал­дымен сол жердегі отан­дастары­мыз­ды ұйымдасқан түрде эвакуа­ция­лауды қамтамасыз еттік. Енді біз Ауғанстандағы қа­зақ диас­пора­сының мүшелерін, яғни қан­дас­тарымызды елге қай­тару мәселесін қарастырып жа­тырмыз. Гумани­тарлық ұста­ным­дарға сәйкес ау­ғанс­тандық 57 сту­денттің білім беру визасын ұзарт­тық, – деді Мемлекет бас­шы­сы.