Әлемнің 193-ракеткасы Дмитрий Попко Kyiv challenger турнирінің ширек финалына өтті.
Аталған турнирдің 4-ракеткасы есебінде тіркелген Д.Попко екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 342-орында тұрған италиян Франческо Фортимен кездесті. Бір жарым сағаттан астам уақытқа созылған матчта отандасымыз 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бәсеке барысында Д.Попко 11 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс жасап, 3 брейкке қол жеткізді. Дмитрий жартылай финалға шығу үшін рейтингте 347-сатыда тұрған түркиялық Ерги Киркинмен күш сынасады. Осы турнирде бақ сынап жатқан Тимофей Скатов та ширек финал жолдамасын қанжығаға байлады. Ол қарсыласы Георгий Кравченконы 6:2, 6:2 есебімен жеңген-ді. Енді оның ширек финалдағы қарсыласы – португал Нуно Боргес.А.ЖОЛДАС