Дмитрий Попко ширек финалға өтті
Дмитрий Попко ширек финалға өтті
142
оқылды

Әлемнің 193-ракеткасы Дмитрий Попко Kyiv challenger турнирінің ширек финалына өтті.

Аталған турнирдің  4-ракеткасы есебінде тіркелген Д.Попко екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 342-орында тұрған италиян Франческо Фортимен кез­десті. Бір жарым сағаттан астам уақытқа созылған матчта отандасымыз 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бәсеке барысында Д.Попко 11 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс жасап, 3 брейкке қол жеткізді. Дмитрий  жартылай финалға шығу үшін рейтингте 347-сатыда тұрған түркиялық Ерги Киркинмен күш сынасады. Осы турнирде бақ сынап жатқан Тимофей Скатов та ширек финал жолдамасын қанжығаға байлады. Ол қарсыласы Георгий Кравченконы  6:2, 6:2 есебімен жеңген-ді. Енді оның  ширек финалдағы қарсыласы – португал Нуно Боргес.

А.ЖОЛДАС