Күдікті ер адам тергеу кезінде полицейді пышақтап, қашып кеткен
Күдікті ер адам тергеу кезінде полицейді пышақтап, қашып кеткен
Фото: nur.kz

Түркістан облысында күдікті ер адам учаскелік инспекторға пышақ жарақатын салды.

Сарыағашта полиция капитаны Асқар Уәлиев есірткіге қатысты күдікті деп танылған ер адамды сотқа дейінгі тергеуге шақыру кезінде жарақат алды. Рейд кезінде жүрісі күдік тудырған жаяу жүргінші анықталып, құжаты тексерілді. Тексеру барысында күдіктіде есірткі бары анықталды. Есірткінің кептірілген марихуана екенін сараптама дәлелдеді.

Осыдан соң сотқа дейінгі тергеуге күдіктіні шақырады. Алайда күдіктінің кешігуіне байланысты учаскелік инспектор, полиция капитаны Асқар Уәлиев күдіктіге жолығып, заңға бағыну қажет екенін түсіндіреді. Осы кезде күдікті асхана пышағын алып, күтпеген жерден полицейдің аяғына сұғып алады. Содан соң оқиға орнынан қашып кетеді. Оқиға куәгерлері жедел жәрдем шақырған.

  [caption id="attachment_160526" align="aligncenter" width="1200"] width= Фото: polisia.kz[/caption] Оқиға орнына қосымша аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Батырбек Ералиев, полиция майоры Бекжан Кеңесарин, полиция капитаны Марат Сырғабаев, сақшы сарбаздар сержант Бағдәулет Жораев пен Жұмабек Көшеновтер келіп, қашып кеткен күдіктіні үйінен ұстады.

Полиция капитаны Асқар Уәлиев ішкі істер органдарында 2008 жылдан бері қызмет етеді. 2015 жылдың қаңтарынан бастап учаскелік инспектор болып жұмыс істейді. Оң аяғынан жарақат алған полицей емханада ем алып жатыр.