Ақтөбе облысында екі азамат көлікпен жардан құлады
Ақтөбе облысында екі азамат көлікпен жардан құлады
©inbusiness.kz
449
оқылды

Ақтөбе облысында екі азамат жеңіл көлікпен жардан Елек өзеніне құлап, суға батып кетті. Біреуі құтқарылып, ауруханаға жеткізілді.

Polisia.kz порталының хабарлауынша, Қандыағаш қаласының екі тұрғыны Volkswagen Passat көлігінде келе жатқан. Бір кезде көлік жардан Елек өзеніне құлап кеткен.

Салдарынан 59 жастағы жүргізуші суға батып кетті. Ал өз бетінше судан шыққан 45 жастағы жолаушының қабырғасы сынған. Ол орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.

Полицейлер ауыр техниканың көмегімен көлікті өзеннен шығарды. Сараптама тағайындалды.