Қостанай облысында жоғалған 19 жастағы қыз өлі табылды
Қостанай облысында жоғалған 19 жастағы қыз өлі табылды
376
оқылды
Екі аптадан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен Қостанай облысы тұрғынының денесі орман жолағынан табылды, деп хабарлайды өңірлік "Алау" басылымы. Оқиға Денисов ауданы Перелески ауылында болған. Дәмханада аспаз болып жұмыс істейтін 19 жастағы Евгения Казарчук жұмыстан шыққаннан кейін 25 тамызда із-түзсіз жоғалып кеткен. Мәйіт ол жұмыс істейтін кафеден 150 метрдей қашықтағы орман плантациясында табылған.
"Жедел іздестіру шаралары барысында Денисовский ауданы, Перелески ауылының 19 жастағы тұрғынының мәйіті табылды. Іздеуге полицейлер, еріктілер мен туыстары жұмылдырылды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады", - деді Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.
Жедел уәкілдер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.