Халықаралық резерв көлемі өсті
Халықаралық резерв көлемі өсті
240
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың  баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы  Ұлттық банк төрағасының биыл­ғы 8 ай­дағы ақша-кредит саясатын іске асы­ру­дың алдын ала қорытын­ды­сы жөнінде, сондай-ақ әлем эко­но­микасының қайта қалпына келу бары­сында инфляциялық қа­тердің күшейе түскені тура­лы есе­бін тыңдады. Президентке Үкіметпен бір­лесіп бекітілген инфляцияға қар­сы шаралар мен оны жүзеге асы­ру­дың негізгі бағыттары, сондай-ақ биылғы инфля­ция­ның жаңар­тыл­ған болжамдары туралы баян­дал­ды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа ха­лық­тың табы­сы мен тұтыну деңгейінің артуына ық­пал ететін Қазақстандағы экономикалық бел­сен­діліктің арта түскені жөнінде және Президенттің дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру барысы туралы мәлімет берілді. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына Қазақстан­ның жалпы халықаралық резервтерінің биылғы 8 айда 93,7 миллиард долларға дейін ұлғайғаны және Ұлт­тық қордың инвестициялық кірісінің 2,3 мил­лиард долларға дейін өскені туралы алдын ала дерек ұсынылды. Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның монетарлық емес фак­тор­ла­рын төмендетуге және халықаралық нарық­тардағы құбыл­малылықтың арту жағдайында қаржылық тұ­рақ­тылықты қамтамасыз етуге баса мән беруді тапсырды.