«Мерейлі отбасы» жеңімпаздары анықталды
«Мерейлі отбасы» жеңімпаздары анықталды
370
оқылды

Отбасы күні қарсаңында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен онлайн форматта «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараны ашқан Мемлекеттік хатшы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын оқып берді.

Онда конкурстың өскелең ұр­пақ­ты тәрбиелеудегі және отба­сы­лық құндылықтарды нығайтудағы маңызды рөлі айтылған. – Мен Қазақстандағы әр ша­ңырақ берік болып, әрбір әулет ба­қытты ғұмыр кешкенін қалай­мын. Сол үшін отбасы саясатына баса мән беремін. Ұрпақтың бо­йындағы адамгершілік пен адалдық, еңбекқорлық пен мейірімділік, ұлтжандылық пен отаншылдық сияқты асыл қасиеттердің бәрі ең алдымен, отбасыда қалыптасады. Қазақ – қашанда ата-ананы сый­лаған, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білген жұрт. Қазіргі жаһан­дану заманында рухани құндылық­тарды халқымыздың өмір салтына айналдыру – аса маңызды міндет. Жыл сайын «Отбасы күніне» орай өткізілетін ұлттық конкурс бұған зор үлес қосып жатыр, – делінген Президент құттықтауында. Мемлекет басшысы байқаудың, әсіресе жастар үшін берер тағылымы мен тәлім-тәрбиесі зор екеніне екпін түсірді. Айта кетейік, биыл конкурсты өткізудің жаңа тәсілдері енгізілді. Соған сәйкес, енді жыл сайын рес­публика бойынша 17 үздік от­басы анықталатын болады. Биыл өңірлік конкурстық комис­сия­ларға бар­лығы 2 768 өтінім түсті. Жаңа ережелер бойынша өті­німдер тек от­басы­лардан ғана емес, заңды тұлға­лардан да қа­был­данды. Сөйтіп, биыл алғаш рет 17 отбасы бірден жеңімпаз бо­лып танылды. Іс-шара соңында Мемлекет басшысының атынан лауреат отбасыларға естелік сыйлықтар табысталды.

Елдос СЕНБАЙ