40 мыңнан астам баланы мектепке даярлады
40 мыңнан астам баланы мектепке даярлады
300
оқылды

«Nur Otan» бастауыш партия ұйым­дарының мүшелері жыл сайын­ғы «Баланы мектепке даяр­лайық!» акциясы аясында жаңа оқу жы­лына 40 мыңнан астам баланы даярлауға көмектесті.

Партияның баспасөз қызметінің ха­барлауынша, көпбалалы және толық емес отбасылардың балаларына, ерекше бі­лім беру қажеттіліктері бар балалар үшін еліміз бойынша кеңсе тауарлары, мек­теп және спорт киімдері, сөмкелер жә­не басқа да қажетті заттар сатып алын­ды. Сонымен, партияның Орталық ап­параты бастауыш партиялық ұйымының мү­ш­елері биыл жалпы сомасы 1,2 млн тең­геге 67 балаға көмек көрсетті. Ал елі­міз бойынша нұротандықтар жалпы со­масы 593,4 млн теңгеге 41 558 баланы мек­тепке дайындауға көмектесті. – Арамызда осындай жанашыр пар­тия­ластарымыздың көп болғаны қуан­тады. Біздің күшіміз – бірлікте! Осындай игі іс­тері үшін барлық партияластарыма ал­ғысымды білдіремін. Балаларға жа­са­ған қамқорлық – олардың ертеңгі күні елі­мізге лайықты азамат болып өсуіне қос­қан үлесіміз. Осы акцияның ұйыт­қы­сы – «Бақытты отбасы» партиялық жо­басы, – деп атап өтті Орталық аппа­рат­тың БПҰ төрағасы Арыстанғали Арын. Оның айтуынша, «Nur Otan» партия­сы балаларды қорғау және отбасы инс­титутын қолдау мәселелеріне жіті көңіл бөліп отырады. Биылғы жылдың бірінші жартыж­ыл­ды­ғында «Бақытты отбасы» жобасы ая­сында өмірлік қиын жағдайда жүрген 136 мыңнан астам отбасына атаулы әлеу­­меттік көмек көрсетілді. Аз қам­тыл­ған от­басылардан шыққан 17 мың­нан астам бала бассейндер мен спорт клуб­тарына те­гін бару мүмкіндігіне ие бол­ды. Тоғыз облыста 545 тегін үйірме жә­не 135 мың­нан астам балаға арналған 70 аула клубы ашылды. Сондай-ақ пар­тия жанында От­басы, әйелдер және ба­лалардың құ­қық­тарын қорғау мәсе­ле­лері жөніндегі республикалық қо­ғам­дық кеңес, «111 же­дел қызметі» ар­найы байланыс орта­лы­ғы, 2,3 мың­нан астам жедел әрекет ету тобы бел­сен­ді жұмыс істейді. 2025 жыл­ға дейін әр қала мен ауданда өмірлік қиын жағ­дайға тап болған отбасылар мен ба­лалы аналарды қолдау бойынша 234 ор­талық ашылады.

Әбілмансұр ЖАСАН