Алматыны «самопал» жайлап барады
Алматыны «самопал» жайлап барады
270
оқылды

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматыда алко­го­ль­дің заңсыз айналымы саласында 16 қылмысты анықта­ды. Жүз мың­­нан астам қолдан жасалған арақ-шарапты тәр­кілеген. Агенттік суррогат ал­коголь өнімдерінің негізгі бө­лігі астыртын цехтарда, көбі­несе антисанитариялық жағ­дайларда жа­са­латынын айтады. Бірақ арланбай тұтына­тындар болса керек.

Қаржылық мониторинг агент­тігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған есепке алу-бақылау таңбалары бар спирттік ішімдіктерді дайындап,  кейін Алматының сауда орындарында, базарларда сатқаны үшін 1998 жылы туған Алматы қаласы­ның тұрғыны Б.Камалды қылмыс­тық жазаға тартты. Жалпы алғанда, 2021 жылдың басынан бері Алматы қаласында спирт және алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы саласында 16 қылмыс әшкереленді. Суррогат алкоголь өнімдерін дайындайтын 8 астыртын цех қызметі тоқта­тыл­ды. Заңсыз айналымнан барлығы 91 мың данадан астам жалған акциздік таңбалар, Jack Daniel’s, Jameson, «Казахстан», «Воздух», «Зерно», «Бульбаш», «Хортица» «Царская», «Финляндия» және басқа алкоголь өнімінің танымал мар­калары жапсырылған 110 мың­нан астам бөтелке тәркіленді.

Елдос СЕНБАЙ