Тоқаев АҚШ-та 20 жыл бұрын болған оқиғаға орай пікір білдірді
Тоқаев АҚШ-та 20 жыл бұрын болған оқиғаға орай пікір білдірді
Сурет: malim.kz сайтынан алынды
290
оқылды

Бүгін - 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында болған террорлық актіден қаза тапқандарды еске алу күні. Осыған орай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның терроризмге қарсы күрес жөніндегі жаһандық іс-қимылдарды қолдайтынын нақтылады, — деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бүгін біз де бүкіл әлемді дүр сілкіндірген АҚШ тарихындағы ең қаралы күндердің бірі – 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі террорлық акт құрбандарын еске аламыз. Жалпы адамзатқа қарсы жасалған осы жантүршігерлік оқиға бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдардың жадында берік сақталған", – деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың терроризмге қарсы іс-қимылдарын түбегейлі қолдайтынын атап өтті. Ол қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету – Қазақстан стратегиясының және АҚШ-пен стратегиялық серіктестігіміздің негізгі ұстанымы екенін айтты.