Жамбыл облысындағы жарылыс: тағы бір өрт сөндіруші көз жұмды
Жамбыл облысындағы жарылыс: тағы бір өрт сөндіруші көз жұмды
Сурет: Inactive account – ID 12019
372
оқылды

Бүгін Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен 1993 жылы туған өрт сөндіруші қайтыс болды, — деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. 

Ол бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының ауруханасына жеткізіліп, сол жерде ем алып жатқан болатын. Осылайша Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны он жеті адамға жетті. Олардың 10-ы — азаматтық қорғау органдарының қызметкері, Қорғаныс министрлігінің 6 әскери қызметкері және бір әскери прокурор. Жоғалған тағы бір адам іздестірілуде.