Францияда екпе салдырғандар салдырмағандарға шабуыл жасады
Францияда екпе салдырғандар салдырмағандарға шабуыл жасады
Сурет: TheDigitalArtist
210
оқылды

Францияда вакцина салдыруға қарсы наразы топқа шабуыл жасалды, — деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға Тулуза қаласында болған. Вакциналау паспорты керек емес дейтіндер екпе салдырғандардан таяқ жеді. Егілгендер коронавирусқа қарсы препаратты қабылдау қалыпты өмірге көшудің бірден бір төте жолы, деп есептейді. Бұл елде 9 тамыздан бері барлық жерде вакцина салдырғаны немесе ауырғаны туралы құжат талап етіле бастаған. Сондай-ақ, тұрғындар коронавирус тестінің теріс нәтижесін міндетті түрде көрсетуі тиіс.