ТМД ойындары: қазақстандық 2 гимнаст қола медаль жеңіп алды
ТМД ойындары: қазақстандық 2 гимнаст қола медаль жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
177
оқылды

Қазан қаласында өтіп жатқан бірінші ТМД ойындарында көркем гимнастика шеберлері  Қазақстан қоржынын екі медальмен толықтырды, — деп хабарлайды Olympic.kz

Бұл сында Қазақстан намысын Милана Парфилова мен Айым Мейіржанова қорғады. Айым ұршықпен жаттығуда қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, Милананың да еншісінде қола жүлде бар. Ол доппен жаттығуда үздік үштікке енген.