Синоптиктер Қазақстанның бірнеше облысында үсік болады деп ескерту жасады.
Қазгидромет мәліметінше, 13 қыркүйекте Қостанай облысының оңтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады. Түнде облыстың оңтүстік жартысында 2 градус үсік күтіледі.
Нұр-Сұлтанда 13 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 2 градус үсік болады.
13 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 2 градус үсік күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында күші секундына 15-20 метр болады.
Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр болады. Облыс көлемінде төтенше өрт қаупі сақталады.