Астанада төбелескен футболшыларға қатысты әкімшілік іс қозғалды  
Астанада төбелескен футболшыларға қатысты әкімшілік іс қозғалды  
Фото: kaz.tengrinews.kz
146
оқылды

Полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желіде футболшылардың ойын барысындағы төбелесі тарады.

«11 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы Тұран даңғылында орналасқан «Сайран Арена» футбол алаңында San Set және «Барыс» әуесқой футбол клубы арасында жоспарланған матч өтті. Ойын барысында футболшылар арасында жанжал туындаған. Оқиғаға қатысты полицияға шақырту түскен соң, жанжалға қатысқандар Есіл аудандық Полиция басқармасына жеткізілді. Кінәлілерге қатысты әкімшілік іс қозғалды» делінген ресми хабарламада.   https://youtu.be/4Y2U-HTWM-8