Маңғыстау облысында жалған вакцина паспортын қолдан жасаған 8 дәрігер мен делдал ұсталды
Маңғыстау облысында жалған вакцина паспортын қолдан жасаған 8 дәрігер мен делдал ұсталды
© ult.kz
275
оқылды
Маңғыстау облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Алтынбек Қалиевтің айтуынша, жалған вакцина паспортын дайындады деген күдікпен дәрігерлер мен олардың делдалдары болған сегіз адам ұсталды.
«Деректер базасында ресми тіркелген әрбір медициналық құжат үшін олар 30-50 мың теңге көлемінде ақша алғаны анықталды. Анықталған адамдар 150-ден астам азаматқа паспорт беруі мүмкіндігі тексеріліп, анықталды. Бұл цифр әлі де өсуі мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда», - деді Алтынбек Қалиев.
Полиция өкілі қылмыстық оқиғаның шілде айынан бері тергеліп жатқаны туралы айтты.
«Аталған факт бойынша шілде айынан бастап бізде арнайы жедел шаралар қабылданды. Аталған фактілер Жаңаөзен, Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының жеке және мемлекеттік ауруханаларында анықталды», - деп толықтырды А.Қалиев.
Оның айтуынша, вакцинация паспортын сатып алғысы келетін адамдар процедураға келген, бірақ іс жүзінде оны алмаған.