Маңғыстау облысында су тұшыту зауытының құрылысы басталады
Маңғыстау облысында су тұшыту зауытының құрылысы басталады
393
оқылды

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аппараттық жиын барысында халықты ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды іске асыруды жеделдетуді тапсырды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрлан Ноғаев Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған өзекті мәселелердің бірі елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету екенін атап өтті. Ақтау су – Облыста аймақты сумен қамтуға бағытталған бағдарлама бар, алайда біз оның нәтижесін күтіп отыра бермей, өзекті мәселелерді шешудің қосымша жолдарын іздеуіміз керек. Бізге Ақтау қаласының аумағынан су тұшытатын зауыт құрылысына өз қаражатын салуға дайын инвесторлар хабарласты. Біз мұндай бастамаларды толық қолдаймыз, – деді облыс әкімі. Жаңа зауыт 20 мың текше метрден астам суды тұшытады деп жоспарланып отыр. Облыс әкімі келер жылдың жазында алғашқы кезеңі аяқталатын зауыт құрылысын Ақтау қаласының әкіміне жеке бақылауына алуды тапсырды. Бірінші кезеңінде тәулігіне 5 мың текше метр су тұшытылмақ.