Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде мектеп мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарынан өтті
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде мектеп мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарынан өтті

Жаңа оқу жылының басталуымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың «Жоғары оқу орындары орта білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсетуі керек» деген бастамасы аясында белсенді жұмысқа кірісті.

мұғалім 2021 жылдың 7-12 қыркүйегі аралығында Алматы облысы білім басқармасына қарасты Қарасай аудандық Білім бөлімімен жасалған ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында «Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін шыңдау және пәндік құзіреттілігін арттыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтті. Біліктілікті арттыру курсына 500-ден аса орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері қатысты. Білікітілік курсының құттықтау сөзін Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор Мақтағали Бектемесов сөйледі. Курс спикерлері университетпен бірлесе жұмыс істейтін «Өрлеу» БАҰО тренерлері Әлия Арзиева мен Салтанат Арзымбетова болды. Курс барысында жаңа жағдайда педагогикалық дағдыларды меңгеру, жаңа технологияларды енгізу, онлайн және офлайн жағдайда оқыту механизмдерін екі жақты жетілдіру мәселелері талқыланып, жан-жақты талданды. Курс соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.